Головкиннің есімі халықаралық бокс даңқы залына жазылуы мүмкін
Әйгілі қазақстандық боксшы, ҰОК басшысы Геннадий Головкин халықаралық бокс даңқы залына кіреді. Бұл туралы инсайдер Рик Глейзер айтты.
- Геннадий Головкин міндетті түрде халықаралық бокс даңқы залына енеді. Ол енді кәсіпқой бокспен айналыспайды. Қазақстандық спортшы бокс мансабындағы жетістіктерімен мақтана алады, – деді Глейзер.
Еске салайық, "GGG" соңғы рет рингке 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасқан болатын. Қазақстандық боксшы супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте мексикалықтан жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или