Том Леффлер: «Головкиннің мега жекпе-жегі 2016 жылы өтеді»

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер BoxingScene.com порталына берген сұхбатында 2016 жылы мега жекпе-жектер ұйымдастыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, 21 қараша күні Лас-Вегаста орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің иегері Мигель Котто мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек өтеді. Осы жұптың қай жеңгенімен Геннадий Головкин жұдырықтасуы тиіс. Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман кеше осылай мәлімдеген еді. Келіссөздер ойдағыдай жүргізілсе аталған жекпе-жек келер жылдың басында орын алмақ.

«Қатарынан 21 кездесуін нокаутпен аяқтаған Геннадий қазір әлемдегі №1 панчер. Нәтижесінде Головкиннің алатын қаражатының көлемі де артып отыр. Иә, Котто да, Альварес те Головкинмен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін. Бірақ, олар түсінуі керек, Мэйуезер бокстан кеткеннен кейін Головкиннен өзге нағыз мықты бұл салмақта қалған жоқ. Сондықтан, олар бизнестің жаңа деңгейіне көтерілгісі келсе Геннадимен шаршы алаңда кездесуі керек», - деп атап өтті Леффлер.

Оның айтуынша, Головкин қазір орта салмақтағы кез-келген боксшымен жұдырықтасуға дайын.

Айта кетейік, кешегі аптаның соңында жерлесіміз канадалық Давид Лемьемен кездесіп, 8-ші раундта қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Baq.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или