Теннис

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің ширек финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Вероника Кудерметовамен шеберлік байқасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, бәрінде Рыбакина басым түсті.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Елена әбжілдік танытты — 7:6 (7:3).

Екіншісінде Вероника есе қайырды — 6:1.

Үшінші, шешуші сетті Рыбакина брейкпен тәмамдады — 6:4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер