Қазақстанның екінші ракеткасы Мюнхендегі турнирде жеңілді

Қазақстанның екінші ракеткасы Мюнхендегі турнирде жеңілді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Мюнхенде (Германия) өтіп жатқан ATP жекелей турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр кортта жергілікті теннисші Янник Ханфманмен (АТР рейтингінде 61-ші) кездесіп, үш сетте 7:6, 3:6, 5:7 есебімен жеңілді. Кездесу екі сағат 31 минутқа созылды.

Ақпан айында Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына айырбастаған 23 жастағы Шевченко бүгінде ATP жекелей рейтингінде 63-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или