Юсуф Мациев күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Юсуф Мациев күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық Юсуф Мациев финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Грек-рим күресінен 97 келі салмақта сынға түскен ол жартылай финалда қытайлық балуанды мерзімінен бұрын айқын басымдықпен жеңді. 

Сондай-ақ, Мациев турнир барысында Түркменстан және Қырғызстан балуандарынан басым түскен.

Бүгін тағы екі қазақ балуаны қола медальға таласады. Олар - Ғалым Қабдунассаров (60 келі) пен Әділхан Сатаев (72 келі).

Әзірге, Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или