Қабдунассаров пен Сатаев Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Қабдунассаров пен Сатаев Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Қырғызстан астанасы Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Бүгін грек-рим күресінен бес салмақта жеңімпаздар анықталады, деп жазады Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Ғалым Қабдунассаров турнирдің жартылай финалында жапониялық Кайито Инабаға 4:8 есебімен жол берді. 

72 келі салмақта сынға түскен Әділхан Сатаев финал жолдамасы үшін айқаста  ирандық Мұхаммедриза Ростамиден 0:10 есебімен, мерзімінен бұрын жеңілді. 

Аталған балуандар Бішкектегі Азия біріншілігінің қола жүлдесіне таласады.  

Еске  сала кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан командасы қоржынында әзірге 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. 

Кешегі жарыс күнінде Ержет Жарлықасын (63 келі) чемпион атанса, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс, Ибрагим Магомадов (77 келі) қола жүлде жеңіп алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или