Бокс

Сарапшы Әлімханұлы мен Бенавидес жекпе-жегі қазір өтпейтінін айтты

Сарапшы Әлімханұлы мен Бенавидес жекпе-жегі қазір өтпейтінін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Ring TV журналисі әрі beIN SPORTS және Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясының телевидениялық продюсері Райан О'Хара Prosports.kz сайтына WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен америкалық Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) арасында өтуі мүмкін жекпе-жек туралы айтты.

«Қазіргі сәтте бұл жекпе-жекті өткізу орынсыз болар еді, өйткені Давид 175 фунтқа (жартылай ауыр салмақ - Prosports.kz) ауыспақшы. Демек бұл жекпе-жек жақын арада өтпейді деп ойлаймын», - деді сарапшы.

Бұған дейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов Жәнібек Әлімханұлы мен Давид Бенавидестің командасы арасындағы келіссөз болғанынан хабардар екенін меңзеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер