Қазақстан құрамасының лицензия саны 32-ге жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҰлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.
Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты. Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.