Әйелдер күресі: қазақстандық балуандар финалға шыға алмады

Әйелдер күресі: қазақстандық балуандар финалға шыға алмады

Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында бірде-бір бұрынды балуанымыз финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Анастасия Панасович жартылай финалда сүрінді. Отандасымыз үндістандық Харшита Харшитудан жеңілді. Белдесу 0:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. 

Ал, Ирина Казюлина (65 кг) жартылай финал бәсекесінде моңғолиялық Энхжин Тувшинжаргалға 4:6 ұпаймен есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін тағы бір рет бозкілемге шығады.

Сондай-ақ Лаура Алмағанбетова (57 кг) жартылай финалда жапониялық балуан Тцугуми Сакурайдан 11:0 есебімен жеңіліп қалды. 

Осылайша, екі күн ішінде әйелдер күресінен бірде-бір спортшымыз Азия чемпионатының финалына өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или