Абель Санчес: «Қазақстан әуесқой бокстан әлемдегі ең үздік мемлекет»

Абель Санчес: «Қазақстан әуесқой бокстан әлемдегі ең үздік мемлекет»

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) жексенбі күні әлем жұртшылығына ұмытылмастай бокс кешін сыйлады. Головкиннің осындай дәрежеге көтерілуіне тынымсыз еңбегі мен әу баста әуесқой бокста шыңдалған шеберлігі мен қайсар мінезі екені анық. Мұндай пікірді оның кәсіпқой бокстағы бапкері Абель Санчес білдірді.

«Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, Геннадий әуесқой бокста 350 жекпе-жек өткізіп, оның бар болғаны 5-еуінде жеңілген, қалған 345-інде қарсыласынан басым түскен. Қазақстандағы әуесқой бокстың деңгейін мұқият зерделеп қарасаңыздар, бұл ел бокс спортынан әлемдегі ең үздік елдердің көш басында. Міне, Головкиннің шебер боксшы болып қалыптасуына бала күніндегі тынымсыз еңбегі мен қайсар мінезі сеп болып отыр, ал мен бар болғаны оның шеберлігін одан әрі жетілдіре түстім. Ал жексенбідегі жекпе-жек Генаның шеберлігі қай дәрежеде екенін анық көрсетті», - дейді А.Санчес.

Әлем жұртшылығы Лемьені Головкинге лайықты қарсылық көрсетеді деп сенген болатын. Абель Санчес те солай ойлаған, алайда, күткеніміздей болмады. Шаршы алаңда қарсыластарын бет бақтырмай сабайтын канадалық боксшы бұл жолы қазақстандық шебердің алдында қауқарсыз болды.

«Мен Лемьені үздіксіз шабуыл жасайды деп ойлағанмын. Алайда, Геннадий джебін іске қосып, оны маңына жолатпады. Лемье тәуекел етіп, жалғыз белбеуін ортаға қойды. Лемьенің үздіксіз жаттығу жасап, жекпе-жекке жақсы дайындықпен келгені көрінді. Қазір мен Головкиннің қарсыластары арасында лайықты қарсылық көрсеткен боксшы ретінде Кертис Стивенсті атай аламын. Бұған дейін де Стивенстің панчер екенін айтып келгенмін, ал Лемьенің чемпион екеніне дауым жоқ», - дейді отандасымыздың бапкері.

Сонымен, Головкинді жеңіп, төрт бірдей белбеуді еліне алып қайтуға дәмеленген канадалық боксшы жар дегенде жалғыз белбеуінен де айрылды.

Естеріңізге саламыз, 18 қазан күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин шаршы алаңдағы 34-кездесуін канадалық Давид Демьеге қарсы өткізіп, кезекті нокаутына қол жеткізді. Сөйтіп, үздіксіз нокауттар санын 21-ге жеткізген қазақстандық үздік боксшылар сапында көш бастады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или