Бокс

Қазақстан құрамасы Еуропада өтетін халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы Еуропада өтетін халықаралық турнирге қатысады
news-banner7
mobile-news-top

IPON мәліметінше, қазақ боксшылары мамыр айында Солтүстік Македония астанасында өтетін халықаралық Golden Gong турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«53-ші халықаралық Golden Gong турниріне 20 елдің боксшылары қатысады. Македония бокс федерациясы қатысушылар тізімін толтыру кезінде тек Үндістан, Қазақстан және Жапония құрамалары виза алуы қажет екенін атап өтеді.

Ақпаратқа сәйкес, биылғы жылы 3-7 мамыр аралығында Скопьедегі Борис Трайковский атындағы спорт орталығында өтетін Golden Gong турнирінде мықты бәсеке күтілуде.

«Алтын гонг EUBC күнтізбесіне енді», - деп жазады БАҚ.

Айта кетейік, 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Таиландта өтетін 2024 жылғы Олимпиадаға екінші лицензиялық турнир өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер