Теннис

Денис Евсеев Барселона турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады

Денис Евсеев Барселона турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық, әлемнің 186-ракеткасы Денис Евсеев Барселона (Испания) ATP 500 турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 154-ракеткасы, Ливан өкілі Бенджамин Хассанмен өткізді.

Бірінші партияда Евсеев 6:2 есебімен басым түссе, екіншісінде Хассан есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Денис ширақтық танытты – 6:3. Сағат жарымға созылған матчта ол 4 эйспен бірге 4 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ. Бенджамин 3 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 123-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцманмен шеберлік таластырады. Оны ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер