Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан жекелей турнирде ширек финалдық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұқаев австралиялық теннисші Адам Уолтонмен кездесіп, үш сетте 6:7, 7:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 3 сағатқа созылды.
Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық спортшы ATP әлемдік рейтингінде 192-орында, ал австралиялық теннисші 135-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или