Еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті

Еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан ерлер құрамасы 2024 жылы Бішкекте (Қырғызстан) өткен еркін күрестен Азия чемпионатында бір ғана алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан қоржынына жалғыз «алтынды» Азамат Дәулетбеков (86 келі) салды. Асыл Айтақын (61 келі) пен Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлдегер атанса, Мейрамбек Қартбай (57 келі) турнирдегі өнерін қола медальмен аяқтады. Осылайша, қазақстандық еркін күрес балуандары барлығы төрт медаль жеңіп алды.

Салыстыру үшін, өткен жылы Астанада өткен еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы төрт алтын жүлде еншілеген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или