Головкиннің бұрынғы бапкері: «GGG Боратты жеңді»

Головкиннің бұрынғы бапкері: «GGG Боратты жеңді»

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері, Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаев қазақстандық кәсіпқой боксшының Лемьеге қарсы кездесуіне өз бағасын берді.

«Геннадийдің жекпе-жегі өте ұнады, ол өте сауатты жұдырықтасты, - деді Ғалым Кенжебаев. - Головкин бірінші раундтан бастап өте жинақы қимылдады, ара қашықтықты сақтап, қолымен жақсы жұмыс жасады. Жалпы айтқанда жекпе-жек Генаның бақылауында өтті».

Сондай-ақ, ол Головкиннің кез келген салмақ дәрежесінде чемпион бола алатынына сенімді екенін айтты. «Ол техникасы арқылы басқа салмақта да жақсы көтеріле алады», - деді Кенжебаев.

«Бұрын Қазақстан деген атауды естігенде бәрі тек Боратты есіне түсіретін еді. Қазір жейдеде немесе куәлікте «Қазақстан» жазуын көргендер тек Головкин туралы сұрайды, - деді ол. - Борат өткен күнде қалды, қазір тек GGG маңызды. Оны бәрі жақсы көреді».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или