WBC ұйымы Головкиннің әлемнің үздіктерімен қашан шығатынын мәлімдеді

Пуэрториколық Мигель Котто (40-4, 33 KО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (45-1-1, 32 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдарының чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) міндетті түрде кездеседі, не чемпиондық белбеуден айырылады. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман жасады.

«Котто – Канело жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинге қарсы шығады. Бұл екі боксшы – бокстың элитасы саналады, ал Головкин ол екеуімен бір деңгейде екенін дәлелдеді. Бұл кездесу өтіп жатса, бокс тарихындағы ең үлкен оқиға болар еді. Жексенбі күні өткен жекпе-жекте Головкин рингте кімнің қожайын екенін көрсетті. Ол осы қарқынынан жаңылмаса, ақылы трансляциялар жүйесіндегі (P4P) ең үздік боксшы болады.

Егер де тараптар өзара келісімге келе алмаса, онда WBC ұйымы Котто – Канело жекпе-жегінің жеңімпазын белбеуден айырады. Жеңімпаз боксшының командасы мен Головкиннің командасы арасындағы келіссөздер қарашаның соңына қарай өтеді. Ал жекпе-жек наурыз не сәуір айына белгіленуі тиіс», - дейді Маурисио Сулейман.

Естеріңізге саламыз, Котто мен Альварес арасындағы кездесу 21 қараша күні Лас-Вегаста өтеді. Головкин Лемьені жеңгеннен кейін Коттоға тиесілі WBC белбеуіне міндетті үміткер атанды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или