Бокс

Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Астанада жастар және U-22 боксшылар арасындағы ASBC Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады.

Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен. 2013 жылы Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікті қабылдады. Ал 2016 жылы «Сары құрлық» чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар, былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер