Қазақстандық боксшылар АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына аттанды

Қазақстандық боксшылар Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) мен Абылайхан Жүсіпов (4-0, 3 КО) АҚШ-қа ұшты, олар келесі жекпе-жектеріне дайындалады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы олардың Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы: «Біздің боксшылар Аблайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл бүгін АҚШ-қа, Лос-Анджелестің қақ ортасына оқу-жаттығу жиындарын өткізуге аттанды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 27 сәуірде IBA-ның «Чемпиондар түні» шоуы аясында бокс кешін жоспарлап отыр - ол ресейлік боксшы Магомед Мадиевпен кездеседі. Абылайхан Жүсіповтің рингке оралу күні әлі жарияланған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или