Бокс

Канело-Мунгия бокс кешінің PPV карды белгілі болды

Канело-Мунгия бокс кешінің PPV карды белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

4 мамырдан 5 мамырға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін бокс кешінің PPV карды белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, негізгі жекпе-жекте супер орта салмақта (76,2 келіге дейін) абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес (60-2-2, 39 КО) отандасы Хайме Мунгуиамен (43-0, 34 КО) жұдырықтасады.

Орта салмақта WBC уақытша чемпионы (66,7 келіге дейін), америкалық Марио Барриос (28-2, 18 КО) аргентиналық Фабиан Майданамен (22-2, 16 КО) кездеседі.

Жеңіл салмақта WBC уақытша чемпионы (57,2 келіге дейін), американдық Брэндон Фигероа (24-1-1, 18 КО) екінші жеңіл салмақта (55,3 келіге дейін) бұрынғы әлем чемпионы, отандасы Джесси Магдаленомен (29-2, 18) жұдырықтасады.

Орта салмақта (66,7 келіге дейін) WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион литвалық Эймантас Станонис (14-0, 9 КО) 2022 жылдың сәуір айынан бері алғаш рет рингке оралып, венесуэлалық Габриэль Маестремен (6-0-1) төбелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер