Бокс

Олимпиадаға лицензиялық турнир: Іріктеудегі финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы

Олимпиадаға лицензиялық турнир: Іріктеудегі финалдық жекпе-жектердің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Сәрсенбі, 10 сәуірде қазақ боксшылары Бангкоктағы (Таиланд) лицензиялық Олимпиада турниріне іріктеу аясында Астанада финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдың тікелей трансляциясы сағат 16:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Ерлер арасындағы финалда 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы Дулат Бекбауовпен жұдырықтасады. Әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер үш салмақ дәрежесінде өтеді: шешуші кездесуде 54 келіде Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар кім мықтыны анықтаса, 66 келіде финалда Наталья Богданова Жасмин Қизатовамен жұдырықтасады., 75 келіде рингте лицензиялық турнирге қатысу құқығын Валентина Хальзова мен Гүлсая Ержан сарапқа салады.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында жеті Олимпиада лицензиясы бар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі); Карина Ибрагимова (57 келі). Бангкоктағы лицензиялық турнир 23 мамыр мен 3 маусым аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер