Бокс

Ұлжан мен Сымбат жұдырықтасады: бокстан әйелдер спаррингінің финалында кездесетін жұптар анықталды

Ұлжан мен Сымбат жұдырықтасады: бокстан әйелдер спаррингінің финалында кездесетін жұптар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан әйелдер арасындағы спаррингтік турнирдің жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келі салмақ дәрежесіндегі спаррингтің жартылай финалында Ұлжан Сәрсенбек тәжірибелі қарсыласы Жайна Шекербекованы жеңді.

Дәл осы салмақтағы екінші жартылай финалда Әнел Сақыш пен Сымбат Әлиасқар жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Сымбат басым түсіп, финалға өтті. 66 килограм салмақтағы спаррингтің жартылай финалында Наталья Богданова әлем чемпионатының қола жүлдегері Милана Сафронованы ұтса, Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдіні жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды.

Ал 75 келі салмақтағы бәсекенің жартылай финалында Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Гүлсая басым түсіп, финалға шықты.

Ертең, 10 сәуірде финалда кездесетін жұптар: 54 кг: Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар; 66 кг: Наталья Богданова – Жасмин Қизатова; 75 кг: Валентина Хальзова – Гүлсая Ержан.

Айта кетейік, бұл спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер