Бокс

Мұхамедсабыр Базарбайұлы спаррингтік турнирдің финалына өтті

Мұхамедсабыр Базарбайұлы спаррингтік турнирдің финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан елордада өтіп жатқан спаррингтік турнирдің 63,5 кг cалмақтағы жартылай финалында Жандос Қыдырәлиев пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте Мұхамедсабыр Базарбайұлы төрешілердің шешімімен басым түсті. Мұхамедсабыр финалда кіммен жұдырықтасатыны Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады. Финал ертең, 10 сәуірде өтеді.

Айта кетейік, бұл спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған боксшы Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге жолдама алады. Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар.

Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер