Бокс

Америкалық инсайдер Геннадий Головкиннің бокстағы жоспарларын айтты

Америкалық инсайдер Геннадий Головкиннің бокстағы жоспарларын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық бокс шолушысы және инсайдер Дэн Рафаэль орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«GGG зейнетке шыққанын ресми түрде хабарламады. Бірақ ол боксты тастап, басқа іспен айналысуға көшкен сияқты», – деп жазды Дэн Рафаэль X желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 8 сәуірде 42 жасқа толған Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Ол кезде қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен үшінші мәрте жеңіліп қалды.

Биыл ақпанда Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелері оның кандидатурасын бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Еске салайық, Геннадий Головкин спорттағы жемқорлыққа қатысты ұстанымын айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер