Бокс

Астанадағы іріктеу турнирінің тікелей трансляциясы

Астанадағы іріктеу турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 9 сәуірде Астанада қазақ боксшылары Бангкоктағы (Таиланд) лицензиялық Олимпиада турниріне іріктеу аясында жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 63,5 келіге дейінгі салмақта Жандос Қыдыралиев Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен, ал Серік Теміржанов Дулат Бекбауовпен жұдырықтасады.

Әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова Ұлжан Сәрсенбекпен кездессе, параллельді жартылай финалдық жұпта Сымбат Әлиасқар мен Әнел Сақыш жұдырықтасады.

66 келіге дейінгі салмақта Милана Сафронова Наталья Богдановамен, ал Лаура Есенкелді Жасмин Қизатовамен жұдырықтасады.

75 келіге дейінгі салмақта Гүлсая Ержан Жібек Жарасқызымен рингке шығады.

Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер