Дональд Трамп: «Головкин – ұлы боксшы»

Дональд Трамп: «Головкин – ұлы боксшы»

69 жастағы америкалық кәсіпкер, АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің канадалыққа қарсы өткізген жекпе-жегіне жоғары баға берді.

«Бұл керемет жекпе-жек болды. Головкин – ұлы боксшы. Мен оның Мейвезерге қарсы кездесу өткізгенін қалаймын», - дейді Трамп.

Айта кету керек, 18 қазан күнгі жекпе-жектің алдында Трамп қазақстандық боксшыға жолығып, оған сәттілік тілеген болатын.

Естеріңізге саламыз, 33 жастағы отандасымыз 18 қазан күні канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектің 8-раундында қарсыласын нокаутпен ұтты. Сонымен, Головкин кәсіпқой карьерасында 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіп отыр, оның 31-ін нокаутпен аяқтады.

Бұл кездесуде Головкинге уәде етілгеніндей 2 млн доллар гонорар табысталды, ал Лемьеге 1,5 млн доллар берілді. Бұл – қазақстандық боксшының өз карьерасында қол жеткізген ең үлкен гонорары болып отыр.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или