Геннадий Головкин рингке енді қашан шығады?

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тқжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің шаршы алаңға қашан шығатынын айтты.

«Мен Геннадий Головкиннің шаршы алаңға келесі жылдың ақпан айында шыққанын қалап отырмын. Әрине, оған Мигель Котто немесе Сауль Альварес, сондай-ақ, тағы басқа боксшылар қарсы болмаса», - деді Санчес.

Айта кетейік, Мигель Котто мен Сауль «Канело» Альварес 21 қараша күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында WBC тұжырымы аясында жекпе-жек өткізеді. Осы екі боксшының жеңгені отандасымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы атануы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или