Бокс

Балауса Мұздиман Париж Олимпиадасына бармайтын болды

Балауса Мұздиман Париж Олимпиадасына бармайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада Олимпиаданың ірктеу турниріне баратын боксшыларды анықтау мақсатында жекпе-жектер өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Қыздар арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Жайна Шекербекова мен Балауса Мұздиман рингте кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Жайна Шекербекова жеңіске жетті.

Осылайша, Балауса Мұздиман лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды, демек Париж Олимпиадасына да бара алмайды.

Айта кетейік, әлемдік іріктеу турнирі 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер