Лицензиялық турнирге іріктеу: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Лицензиялық турнирге іріктеу: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Бүгін, яғни 8 сәуір күні Астанада Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу жекпе-жектері басталады.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған бәсеке екі күнге созылмақ. Осы жаряс аясында жеті кездесу жоспарланған. Оның бірі финалдық жекпе-жек. Әйелдер арасында 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай өзара мықтыны анықтайды.

Бүгін шаршы алаңға шығатын жұптар:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ертуған Зейнулинов (63,5 келі, 1/4 финал)

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай (50 келі, финал)

Балауса Мұздыман - Жайна Шекербекова (54 келі, 1/4 финал)

Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек (54 келі, 1/4 финал)

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар (54 келі 1/4 финал)

Сәния Сұлтанқызы - Анель Сақыш (54 келі, 1/4 финал)

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова ( 66 келі, 1/4 финал).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или