Қысқы

Фристайл могул: Анастасия Городько күміс жүлдеге ие болды

Фристайл могул: Анастасия Городько күміс жүлдеге ие болды
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл могулдан Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городько бүгін екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

18 жастағы отандасымыз паралель могулдан күміс медаль еншіледі.

Аталған сында бас жүлдені америкалық Килие Кариотис жеңіп алса, үшінші орынға
жапониялық спортшы Юма Тагучи табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Анастасия Городько фристайл могулдан чемпион атанғанын жазған болатынбыз.

Бұған дейін Анастасия 2022 жылы дәл осы әлем чемпионатында паралель могулдан жеңімпаз атанған еді. Сондай-ақ Бейжің Олимпиадасында отандасымыз небәрі 16 жасында қатысып, 11-орынға тұрақтаған болатын.

Осы тұста Анастасия Городко ауыр жарақаттан айыққанын айта кеткен жөн. Отандасымыз 2022 жылы дәл осы Кьеза-ин-Вальмаленкодағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, арада 1 ай өткенде көлік апатына ұшыраған. Дәрігерлер оның оң аяғының көптеген сүйегі сынғанын анықтаған еді.

Спортшыға дер кезінде Германияда ота жасалып, ол 2023 жылы толық ем алды. Қайта қалпына келу процесінен кейін Городко биыл кәсіби спортқа қайта оралып қана қойған жоқ. Әлем чемпионатында оза шауып, бабында екенін көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер