Назарбаев Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге оның бокстан WBA, IBO, IBF және WBC interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Елбасы жеделхатта Головкиннің өзіне сенім артқан қазақстандықтардың үмітін ақтағанын атап өткен. «Атақты қарсыласпен өткен әділ әрі ымырасыз жекпе-жекте жоғары спорттық шеберлігің мен жігерлі мінезіңді көрсету арқылы сен өз Отаның - Қазақстан Республикасын лайықты таныта білдің. Сенің жарқын жетістіктерің біздің спортшыларымыз үшін жақсы үлгі болатынына және еліміздегі бокстың одан әрі дамуын ынталандыратынына сенімдімін», - делінген құттықтауда.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Геннадий Головкинге мықты денсаулық және жаңа спорт биіктерін бағындыру жолында табыс тіледі.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или