Қазақстандық теннисші Португалиядағы ATP турнирінің екінші кезеңіне өтті
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов Португалияның Эшторил қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен жуптасып, Педро Качин/Педро Мартинес жұбын 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңді.
Александр мен Гонсало ширек финалға шықты. Олардың келесі кезеңдегі қарсыластары бейсенбі күні кешке Владя Корн (Румыния) мен Петр Ноуз (Чехия) Джейми Фария (Португалия) / Анрике Роша (Португалия) дуэті арасындағы кездесуде анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или