русский язык
Бокс

Төрехан Сабырхан Олимпиадаға қатыса алмайды: себебі белгілі

Төрехан Сабырхан Олимпиадаға қатыса алмайды: себебі белгілі
news-banner7
mobile-news-top

Төрехан Сабырхан 63,5 келіде лицензиялық жарысқа баратын боксшыны анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирге қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ассалаумағалейкум ағайын! Өкінішке орай Төрехан шәкіртім спаррингке қатыса алмайды. Халықаралық Олимпиада комитетіне жазған хатымыз қабылданбады. Қолдағандарыңызға көп рақмет! Жеңісті күндеріміз әлі алда», – деп жазды Ілияс Оралбеков.

Айта кетейік, ХОК ережесі бойынша Олимпиада ойындарына 19 жасқа толған боксшылар қатыса алады. Ал Төрехан Сабырханның жасы – он сегізде.

Еске салайық, Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы жарысқа 63,5 келіде баратын боксшы спаррингпен анықталатын болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;