Қанат Ислам: «Генаны маған қарсы қою – Кличколарды бір-бірімен төбелестіргенмен бірдей»

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жерлесі Геннадий Головкинді мақтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Головкин – мықты боксшы. Ол – біздің алдымыздағы ту. Алдымыздағы ту құламасын, кәсіпқой боксқа кеш қосылған біздер де алдымыздағы тудың құлағанын қаламаймыз.

Мен Геннадийді спортшы ретінде де, азамат ретінде де жақсы сыйлаймын. Біз кезінде – Головкин, Артаев, Сәрсекбаевтар – бәріміз бір салмақтың боксшылары болдық. Бірақ, әуесқой бокста Генамен шарша алаңда кездесіп көрген жоқпын. Кәсіпқой бокста де кездеспейміз. Себебі, Гена екеуіміз де бір елдің, қазақ топырағының намысын қорғап жүрміз. Ал бізді бір-бірімізге қарсы қою ағайынды Кличколарды бір-бірімен төбелестіргенмен бірдей, - деп жазды Қанат өзінің «Facebook»-тегі ресми парақшасында.

Ult.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или