русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылардың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшылар Александр Ковригин (8-0, 6 КО) мен Виктор Темиров (5-0, 4 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жектерінің қашан өтетінін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ковригин мен Темировтің келесі жекпе-жектері 1 маусымда Германияда өтеді. Қарсыластардың аты-жөні мен жекпе-жектердің нақты қай жерде өтетіні әзірге белгісіз.

Александр Ковригин кейінгі жекпе-жегін 20-нан 21-ші қаңтарға қараған түні Мюнхенде (Германия) өткізіп, ол 42 жастағы румын Виорел Симионды (23-13, 9 КО) мерзімінен бұрын жеңді.

Виктор Темиров Мюнхенде өткен сол кеште рингке шығып, екінші раундта швейцариялық Джером Аллені (4-2, 1 КО) нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;