Арман Оспанов Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында ережесіз жекпе-жектен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Турнирге АҚШ пен Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Бразилия мен Камерун, сондай-ақ, қазақ елінің спортшылары қатысты. Ел намысын «Алаш Прайд» кәсіпқой спорт клубының спортшылары қорғады.

Осы жекпе-жекте Арман Оспанов Расул Мирзоевпен жұдырықтасу керек еді. Бірақ, ол турнирге 5 күн қалғанда жекпе-жекке шықпайтынын мәлімдеген.

Ұйымдастырушылар Расул Мирзоевтың орнын америкалық Жое Эльмормен алмастырды.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Арман Оспанов АҚШ-тан келген қарсыласы Жое Эльморді 2-раундта нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или