Бокс

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкоктегі (Таиланд) бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рингте қазақстандық спортшы Таиланд өкілі Танварат Саенгиамджитпен кездесті. Жекпе-жек 6 раудқа созылды. Қарсыласы лайықты ойын көрсетті. Осыған қарамастан, Ангелина Лукас төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық ару кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін беделді BoxRec порталының мәліметі бойынша Лукастың қарсыласы алты жекпе-жектің бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен Тханьярат Джайлом болуы керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер