Амалбек Тшанов: «Бүгінгідей жеңістер балғын спортшыларды жігерлендіреді»

Бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Амалбек Тшанов Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жек жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бүгінгі жекпе-жекті алдын ала болжауға болар еді. Себебі, Геннадийдің бүгінгі деңгейі өте жоғары, яғни бұны бірінші минуттардан бастап байқадыңыздар. Орта салмақтағылардың әдістерді көп қолдануға мүмкіндігі бар және Қазақстан боксшысы осы тұрғыда белсенділігін көрсете алды. Сондықтан да IBF чемпионы Давид Лемьенің Головкиннен қаймығып жүргені көрініп тұрды. Осындай жекпе-жекке рухпен, жігермен шықпаса, жеңіске жету екіталай», - деді Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.

Осы орайда Амалбек Қозыбақұлы танымал боксшы Геннадийдің осы салмақта әлі де кездесетін қауқарлы қарсыластары бар екенін, алайда олар түрлі себептермен Головкинмен жекпе-жекке шықпай жүргенін атап өтті.

Сонымен қатар ол спорттағы бүгінгідей жеңістер балғын спортшыларды жігерлендіріп, спортқа тартуға жақсы бағыт- бағдар беретінін жеткізді.

Бұдан бөлек, А. Қозыбақұлы жақында Доха қаласында өткен ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты нәтижесіне тоқтала келе, «өкінішке қарай, біздің спортшылар алтын жүлдені иелене алмады. Сондықтан да бұл мәселе бізді ойландырып, қажетті қадамдар жасауға ықпал етуі тиіс», - деді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или