Әбиба Әбужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты

Әбиба Әбужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты

Дзюдодан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде Әбиба Әбужақынова жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде 48 келіде сынға түсіп жатқан спортшы ширек финалда АҚШ-тан келген Мария Целиа Лабордпен негізгі уақытта тең түсті. Қосымша golden score кезеңінде қарсыласын қапы қалдырды.

Енді финал жолдамасы үшін Абиба 3 дүркін әлем чемпионы жапониялық Нацуми Цонодамен белдеседі.

Айта кетсе, 29-31 наурызда Түркияның Анталья қаласында дзюдодан өтетін Grand Slam турнирі өтеді. Онда еліміздің атынан ерлер және әйелдер құрамасы бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или