Теннис

Майами турнирі: Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

Майами турнирі: Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен сынға түседі.

Д.Коллинз жартылай финалда әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы жолдан тайдырды – 6:3, 6:2. Коллинз 1 сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, 4 эйс жасады. Александрова 1 эйс, 1 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, 30 наурыз күні Е.Рыбакина Д.Коллинзбен кортқа шығады. Бұл олардың өзара бесінші кездесуі болмақ. Әзірге есеп – 3:1, Елена алда.

Елена Рыбакина ресейлік Мария Шараповадан кейін Майами жарысында екінші жыл қатарынан финалға шыққан ең жас ойыншы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер