Теннис

Александр Недовесов Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Александр Недовесов Испаниядағы жарыстың жартылай финалына өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Жирона (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар ширек финалда германиялықтар Якоб Шнайттер – Марк Валлнермен бетпе-бет келді.

Қазақстандық-эквадорлық жұп кездесуді бірден қарқынды бастады – 6:1. Олар екінші сетте де сол басымдылығынан танған жоқ – 6:2.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Эскобар 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар финалға шығу үшін доданың 3-ракеткалары, нидерландылықтар Сандер Арендс – Матве Мидделкоп немесе пәкстандық Айсам-Үль-Хак Куреши – испаниялық Давид Вега Эрнандес жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер