Бокс

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тағы бір жекпе-жек Бакудегі турнирдің «алтыны» үшін өтеді

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тағы бір жекпе-жек Бакудегі турнирдің «алтыны» үшін өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Жанкүйерлер Бакуде (Әзірбайжан) бокстан өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінің финалында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті кездесуді тамашалай алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 71 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде қазақ боксшысы Дархан Дүйсебай өзбек боксшысы Бекзод Хамидовпен алтын медаль үшін жұдырықтасады. Дүйсебай жартылай финалда ирандық боксшы Касра Тахмасабиді жеңсе, Хамидов венгриялық Доминик Энекештен басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары қатысатын тағы бір жекпе-жек туралы белгілі болған еді: 54 келіге дейінгі салмақта финалда қазақстандық Тимур Қабдешов өзбекстандық Худжаназар Нороджиевпен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер