Бокс

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Тағы екі қазақстандық боксшы финалға шықты

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Тағы екі қазақстандық боксшы финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде тағы екі қазақстандық боксшы финалға шықты.

Ел құрамасынан Тимур Қабдешов (54 келі) жартылай финалда ресейлік Максим Кузнецовпен қолғап түйістірді. Ол алғашқы екі раундта ұпайын түгелдеп, соңғы раундта сауатты ойнай білді. Нәтижесінде финалға жолдама алды.

Ал Талғат Сырымбетов (60 келі) жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті. Жекпе-жек барысында жылдам қозғала алатын ол қарсыласын сенімді түрде жеңді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер