Бокс

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Теміртас Жүсіпов финалға шықты

«Ұлы Жібек жолы» турнирі: Теміртас Жүсіпов финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов (48 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалда ресейлік Адам Алиевпен жұдырықтасты. Бірінші раундта ол қарсыласына дәл соққы жұмсап, өзіне соққы дарытпауға тырысы. Одан кейінгі раундтарда қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Есесіне есепте жеңіліп жатқан ресейлік боксшы шабуылға көбірек шығуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Теміртас қарсыласын әдемі күтіп алып, Адам Алиевтің қарқынын бірден басып тастап отырды. Сол арқылы турнирдің финалына жолдама алды.

Айта кетсек, бүгін ел құрамасынан үш боксшы шаршы алаңға шықты. Ширек финалда жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.

Енді ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Дархан Дүйсебай 71 (келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі) сынға түседі.

Ал ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) өз жекпе-жектерін жарыстың түрлі сатысында аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер