Қазақстан бокс федерациясының президенті Головкинді құттықтады

Қазақстан бокс федерациясының президенті Головкинді құттықтады

AIBA-ның вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесудегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Геннадий, Сізді құттықтаймын!

Сіздің кезекті жарқын жеңісіз барша отандастарымызды – бокссүйер қауымды жігерлендірді.

Madison Square Garden аренасында IBF чемпионы Давид Лемьені жеңе отырып, сіз бокста қазақстандықтарға тең келер ешкім жоқ екенін дүйім жұртқа тағы бір мәрте паш еттіңіз.

Сіздің жеңістеріңіз артыңыздан еріп келе жатқан жас отандастарыңызды жігерлендіреді. Сізге сәттілік пен жаңа асулар тілеймін!», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен Давил Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды. Бұл - 33 жастағы қазақстандықтың 34-ші жеңісі. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қана қоймай, қарсыласының IBF титулын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или