Единоборства

Ризабек Айтмұхан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр

Ризабек Айтмұхан бес дүркін әлем чемпионымен жаттығып жүр
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Осетияда дағыстандық балуан Абдулрашид Садулаевпен жаттығып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадалық салмақтағы қазақстандық балуандар қазір Осетияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Олардың ішінде еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да бар.

Ризабек жаттығу барысында еркін күрестен бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Олимпиада жүлдегері Абдулрашид Садулаевпен спаррингке шықты. Қазақстандық балуан Садулаевпен түскен суретін Instagram-дағы парақшасына жариялады.

"Оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтіп жатыр", – деп жазды Айтмұхан.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 11-16 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысады. Сондай-ақ 19-21 сәуірде Бішкекте (Қырғызстан) күрестен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді.

Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын бұл жарыста төмендегі еркін күрес шеберлері Қазақстан намысын қорғайды:

57 келі – Мұхтарұлы Ерасыл;

65 келі – Алиев Майис;

74 келі – Нұрқожа Қайпанов;

97 келі – Әлішер Ерғали;

125 келі – Юсуп Батырмурзаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер