Теннис

Азаренкомен өтетін жартылай финалдық матчқа дейін қалыпқа келуім керек – Елена Рыбакина

Азаренкомен өтетін жартылай финалдық матчқа дейін қалыпқа келуім керек – Елена Рыбакина
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен өтетін матч қарсаңында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

WTA-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен өткен ауыр матчтан кейін қалыпқа келудің қиынға түсетінін айтты.

«Азаренкомен ойын жеңіл болады деп ойламаймын, өйткені әр матч сайын өз бабыма оралуға жақындай түскеніммен, қалыпқа келу қиын болып тұр. Әрине, мұндай ауыр бәсекелер болашақта жәрдемдеседі, бірақ бір күн демалыс болғанның өзінде қалыпқа келу оңай емес. Матчтан кейін аяғымның ауырғанын сезіндім. Бұған төзуге тырысамын. Қазір ең бастысы – қалыпқа келу. Өзімді жақсырақ сезінемін деп үміттенемін», - деді Е.Рыбакина.

Рыбакина мен әлемнің 32-ракеткасы Азаренконың ойыны 28 наурызға белгіленген. Өзара кездесулерде есеп – 3:0, Елена алда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Майами турнирінде Юлия Путинцеваның жартылай финалға шыға алмай қалғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Майамиде Елена Рыбакина әлемнің 9-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер