Геннадий Головкин: «Мен Лемьені құрметтеймін, ол – жақсы боксшы»

Бүгін Давид Лемьені жеңіп, IBF белбеуін жеңіп алған WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Голвокин алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мен өте бақыттымын. Достарыма үлкен шоу сыйлай алдым. Өзімнің адамдарыма рақмет. Мен Лемьені құрметтеймін, ол – жақсы боксшы.

«Мен орта салмақтағы барлық белбеуді алып, жаңа тарихты жазғым келеді. Айта кетейік, мен боксшымын, бизнесмен емеспін. Менің төрт белбеуім бар, тағы да болады деп үміттенемін. Әрі қарай не? Мен Мигель Котто - Сауль Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасқым келеді», - деді қазақстандық боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Голвовкин мен Давид Лемье жекпе-жегі 18 қазанда таңғы уақытта Нью-Йоркте өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Осылайша Головкин Лемьеден IBF титулын тартып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или