Қысқы

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды. Бүгін 1500 метрге жарысудан жеңімпаздар белгілі болды, деп жазады Olympic.kz.

Ерлер арасында Әділ Ғалиахметов (Астана) чемпион атанды. Екінші орынды Нұртілек Қажығали, қоланы Богдан Вехов иеленген.

Әйелдер арасында астаналық Малика Ермек топ жаржы. Күміс медальді Алина Әжіғалиева, қоланы Ольга Тихонова еншіледі.

"Алау" мұз сарайында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігі 28 наурызда аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер