Ломакин Египеттегі турнирді сәтсіз бастады
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан турнирде дебюттік кездесуін өткізді.
Австралиялық теннисші Моэрани Бусигемен жұптаған Қазақстан спортшысы кортта британдық-оңтүстік африкалық Финн Басс – Крис Ван Вик дуэтімен кездесіп, екі сетте жалпы 3:6, 6:7 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жұптық сайыстың әлемдік рейтингінде 378-ші орында, ал австралиялық теннисші 1044-ші орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или