Головкин-Лемье жекпе-жегі «Қазақстан» арнасында

Ертең, 18 қазанда Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жекпе-жекті телеарнаның сайтынан онлайн тамашалауға болады.

Айта кетейік, бұл кеш аясында шаршы алаңға тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев шығады. Оның қарсыласы – мексикалық Азриэль Паес.

Осыған қоса, Головкин-Лемье бокс кеші аясында Луис Ортис - Матиас Ариэль Видондо, Туреано Джонсон - Имон О'Кэйн, Числайн Мадума - Маурис Хукер және кіші Ламонт Роуч - Хосе Бустос арасында жекпе-жектер өтеді.

Ал бұл күннің тағы бір «үлкен» кездесуінде аса жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Роман Гонсалес пен Брайн Вилория қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или